«10 желтоқсанда сағат 17.57-де Усолка шағын ауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Үйде 5 жасар ұл мен 14 жасар қыз бала болған. Сонымен бірге үйдің залында 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды. Үйде үлкендер болмаған», - делінген полиция хабарламасында.
Өрттен зардап шеккен балаларды ауруханаға жатқызылмаған.
«Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде 2008 және 2017 жылы туған балаларға күйзеліске түсу диагнозын қойды. Қазіргі таңда балалар анасымен бірге, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.