Павлодар қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтер өртенді.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
— Павлодар қаласының өрт сөндірушілері Сұрағанов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндірді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізді. Біздің мамандар барлығы 12 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 1986 жылы туған ттұрғын түтіннен уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен.
Пәтердегі өрт шарпыған жердің жалпы аумағы — 15 шаршы метр.
Еске сала кетейік, СҚО тұрғыны өртенген үйден үш баланы аман алып шыққанын жаздық.