Павлодарда өткен конференцияда ұлтты сауықтырудың жолдары талқыланды

None
ПАВЛОДАР. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттікпедагогикалық институтында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мәселелері талқыланды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының оқытушылары мен жаттықтырушылары, ғылыми қызметкерлер дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің білімдерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

«Қазіргі заманғы қоғамның өзекті проблемасы - ұлтты салауаттандыру. Елімізде 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы қабылданған, Елбасы спорттың бұқаралық түрлеріне жастарды көптеп тарту туралы міндет қойып отыр», - деді конференцияда сөз сөйлеген Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ректорының міндетін уақытша атқарушы Тақыр Балықбаев.

Ғалымдар салауатты өмір салтын қалыптастырудың сабақтастығын айтып отыр. Олардың айтуынша, жасөспірім жастағы балалармен мектептің, отбасының және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп, бір мақсатта жұмыс істегені маңызды, оған қоса білім ошақтарында дене шынықтыру сабақтарын көбейту қажет.

Конференция қорытындысы бойынша нақты ұсыныс-кеңестер енгізілген қарар қабылданды.