Павлодарда ойын алаңында жүрген жасөспірім металл шеңберге кептеліп қалған
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Құтқарушылар жедел жетіп, баланы темір құрсаудан босатып алды. Оның денсаулығына төнген ешбір қауіп жоқ.
Павлодар қаласындағы аулалардың бірінде ойнап жүрген жасөспірім металдан жасалған шеңбер арасында кеудесімен қысылып қалған.
«Бүгін сағат 16.58-де Максим Горький көшесінде орналасқан балалар ойын алаңындағы металл сақинаға баланың кептеліп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға туралы тұрғындар хабарлады. Олар баланы өз күштерімен алып шығуға тырысқанымен сәті түспеген. Оқиға орнына 5 құтқарушы жедел жетті. Темір шеңберді гидравликалық құралмен үзіп, баланы құтқарды», деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінен.
Бала дін аман, денсаулығына ешбір кінәрат келмеген.
Еске сала кетейік, Екібастұзда жеткіншек су толы шұңқырға құлап көз жұмды.