Павлодар облысының бас полицейі пәтер тонаушыны тұтқындау барысында танытқан ерлігі мен батылдығы үшін Құлжикеновке алғыс айтты, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ұрлықшы терезені сындырып, ішке кіріп, төрт жарым миллион теңгеге жуық жеке заттарды тонаған. 28 жастағы күдікті ізін суытпақ болғанда, жолдан өтіп бара жатқан такси жүргізушісі оны ұстап алады. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылып, қылмыскер жауапқа тартылды.
Павлодар полицейлерінің ақпараты бойынша, Қуаныш Құлжикенов Павлодардағы акционерлік қоғамның бірінде жұмыс жасайды, таксопарктегі жұмыс - оның қосымша табыс көзі.