«25 желтоқсан күні, 02.15-те «Ертіс» БӨП патрульдік рота инспекторы, аға лейтенант Арман Жұмалиновтың назары көпірде тұрған автокөлікке түскен. Жақындай түскен ол суға секірмек болып, көпірдің шетінде тұрған қызды көрген», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Уақыт жоғалтпаған Арман жылап тұрған қызды ұстап, көлікке отырғызған.
«Қыздың көңіл-күйі болмаған. Оның мұндай ағат қадамға баруына күйеуімен ұрсысып қалуы себеп болыпты», - деді полициядағылар.
Сонымен қатар, олар құтқарылған 28 жастағы азаматша 2 баланың анасы екенін мәлім етті.
«Мен жылдам әрекет еттім, ойлануға уақытым болмады. Әр адам осылай істер еді», - дейді Арман Жұмалинов.
Павлодар полицейлері осы көпірде өмірін қиғысы келген адамдарды бірнеше рет құтқарып қалғанын атап өтті.