Павлодарда полиция лаңкестікке қарсы күрес жаттығуын өткізді

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Естай атындағы Мәдениет сарайында жоспарлы лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқу-жаттығу терроризм актілерінің алдын алуға, оның салдарын жоюға бағытталды, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметі.
Облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабы жаттығудың жоспарлы сипаты барын айтты, ол түрлі күрделі элементтермен жауынгерлік жағдайға барынша жақын.

Шараның мақсаты - жедел штабтың оларға жүктелген міндеттерді орындауға күштер мен құралдардың әзірлігін тексеру болды. Павлодар қонақтары мен тұрғындарына көлік қозғалысына қатысты уақытша жайсыздыққа түсіністікпен қарауға, тыныштық сақтап, ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырды. Жаттығу 11.40-та аяқталды.