Қатар Дохадағы шабуылдан кейін Газа бойынша келіссөзді тоқтатты

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қатар Газа секторындағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздің ағымдағы раундын тоқтатқанын мәлімдеді, бұл ретте ел анклавтағы жағдайды реттеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауын жалғастырады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Бұл келіссөзде Қатар делдал рөлін атқарды.

— Соңғы күндері АҚШ-тың өтініші бойынша америкалық тараптың ұсыныстары бойынша қарқынды келіссөз жүргізілді. Израиль длегацияларын Дохаға жібере отырып бейбіт шешімге қол жеткізуге бағытталған барлық әрекеттерді мақсатты түрде бұзуға тырысты. Әлемге одан да анық сигнал керек пе? Бейбітшілік жолын кім бөгеп отыр? Әлемдік қауымдастыққа қосымша дәлел керек пе? Аймақты шынымен тұрақсыздандыратын кім? , — деп атап өтті Дохадағы баспасөз мәслихатында елдің үкімет басшысы, әмірліктің сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Әбдел Рахман Әл Тани.

Қатар Сыртқы істер министрі сонымен бірге Қатар мемлекетінің атысты тоқтату келіссөзінің сәтті өтуі үшін бар күш-жігерін салып жатқанын баса айтты.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуеден соққы жасады. 

Салдарынан Қатардың ішкі қауіпсіздік күштерінің қызметкері қаза тапты

Израиль Доха шабуылы үшін жауапкершілікті толық өз мойнына алды

Президент Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды