Павлодарда «Президент командасында - күшті және еркін Қазақстан үшін!» жастар акциясы өтті

None
АВЛОДАР. Маусымның 26-сы. ҚазАққпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодар қаласында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Президент командасында - күшті және еркін Қазақстан үшін!» акция-шеруі болып өтті.

Орталық көшелермен ұзын-сонар тізбекте қаланың жастар ұйымдарының мүшелері, мектеп, колледж оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері мен денсаулық сақтау мекемелерінің қызметшілері салтанатты түрде өтті. Олар «Бірлігіміз жарасқан!», «Мы - одна команда!», «Елбасымен бірге - ел қуатын еселейміз!», «Президент командасында - күшті және еркін Қазақстан үшін!» деп ұрандатты.

Үш жүзден астам бозбала мен бойжеткен өздерінің салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсетіп, «Біз - салауатты ұлтпыз!» жеңіл атлетика жүгірісін ұйымдастырды.

Шара жағажайда қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Денсаулық - жастар қуаты!» шоу-бағдарламасымен аяқталды.