Павлодарда ресейлік және қазақстандық БАҚ үшін баспасөз орталығы ашылды

ПАВЛОДАР. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодардың М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайында ҚР және РФ Президенттерінің қатысуымен өтетін

Қазақстан және Ресей аймақаралық ынтымақтастығының IX форумы  жөнінде ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығының таныстырылымы өтті.

Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Қапенов таныстырылым барысында атап өткендей, баспасөз орталығында қазақстандық және ресейлік журналистер үшін жұмыс істеуге арналған барлық жағдайлар жасалған. «Баспасөз орталығы екі күн - 18 және 19 қыркүйекте жұмыс істейтін болады, бұл жерде Интернетке шығу мүмкіндігімен  150 ноут-бук, Wi-Fi-дың 3 желісі,  қалааралық және мемлекетаралық байланысқа қосылған телефондар мен факстар қарастырылған», - деді Б. Қапенов.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар аймақаралық форум жұмысының барысын трансляциялау үшін лед-панельдер орнатылған. «Тікелей эфир ертең форумнан берілетін болады, аудио және бейне жазбалар үшін құрылғылар орнатылды», - деді ішкі саясат басқармасының басшысы.