«Бүгінгі күні республика бойынша су тасқыны қауіпі тұрақты. Дегенмен, республикалық маңызы бар жолды су шаюдың бір дерегі бар. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов» тас жолының 101 шақырымында еріген қар суы жиналып, ұзындығы 6 метрді құрайтын жол жолағын шайып кетті. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды», -деді комитет басшысы.
Оның дерегінше, оқиға орнында «Қазавтожол» ЖШС-нің 13 маманы мен 8 техникасы жолды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Осы тәуліктің ішінде жол қалпына келтіріледі деп ойлаймыз. Аталған жол жолағын қалпына келтіру үшін қажетті материалдар жеткізіліп жатыр. Дәл сол жерге диаметрі 2 метр болатын екі су өткізу құбыры төселген болатын. Бірақ, қар суының жиналуы салдарынан жол бүлінді», - деді В.Беккер.
Фото: instagram/kolesa_pavlodara