«Біз қазір жағдайды анықтаудамыз. Ең бастысы – зардап шеккендердің бар-жоғын білу», - деп түсінік берді ҚазАқпарат тілшісіне аймақтың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Қапанов.
Әуесқой түсірілім кадрларында құрылысы аяқталмаған үйге көп тонналы жүк техникасының аударылғаны көрсетілген. Қазір еңбек инспекциясы техниканы тізгіндеген жүргізушінің жағдайын анықтап жатыр.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп атап өтті А.Қапанов.