Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
«Жарылғыш зат қойылды деп хабарланған «Гулливер» сауда үйін 20-дан астам арнайы маман қарап шықты. Полицияда тіркелген ақпарат расталмады», деп мәлімдеді департаменттен.
Еске сала кетейік, Павлодардағы сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабардан кейін адамдар эвакуацияланды.