Ақсу қаласындағы сауда үйінде батут өртенді

АСТАНА. KAZINFORM - Ақсуда сауда үйінде батут өртенді. Оқиға таңертең, сауда үйі жұмыс істемей тұрған уақытта болған. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: freepik.com

«Төтенше жағдай қызметіне бүгін таңертеңгілік Ақсу қаласының Мәметова көшесі, 11 мекенжайындағы сауда үйінде батут өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен 2 техника дереу жетті. Өрт сөндіру бөлімшелері түтіннің 2-қабаттан шығып жатқанын анықтады. Сауда үйінде адам болмаған», - деп мәлімдеді департаменттен.

Сағат 09:12-да өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.