Павлодарда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал ашылды.

None
ПАВЛОДАР. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал ашылды.

Тікенекті сыммен біріктірілген жеті қара текшеде қазақ халқы тарихындағы «қаралы күндер» белгіленген. Бұл - ХIХ ғасырдағы халық-азаттық қозғалысты басып жаныштау, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін, өткен ғасырдың ортасындағы ұлт зиялыларын қудалау.

Іргетастың орталық тұсында шексіздік белгісі және төрт әлемдік дін нышаны - христиан кресті, ислам жарты айы, иудаизмнің Давид жұлдызы және будданың өмір дөңгелегі бейнеленген. Мемориалда «мәңгілік естелік» сөзі қырық тілде жазылған.

«Он жеті жыл бұрын дәл осы жерде мұнда саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш қойылады» деген жазуы бар тас қойылған. Көптеген адамдардың күш салуының арқасында біз оны бүгін ашып отырмыз, - деді митингіде аймақ басшысы Ерлан Арын. - Бұл біздің ата-бабаларымыздың естелігі және біздің бірлігіміздің нышаны. Адамдардың енді қасіретті заманда зардап шеккен бейкүнә ата-бабаларына тағзым етуге мүмкіндігі бар».