Павлодарда шыбын-шіркей қаптаса, WhatsApp-қа жазып дезинфекторларды шақыруға болады

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бұл жайында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Мен қала және аудан әкімдерімен және де осы жұмысқа тартылған бүкіл тараптармен күн сайын байланыстамын. Біз жұмыстың аралық нәтижелерін үнемі талдап отырамыз және қажет болған жағдайда жоспарларды тез арада түзетеміз. Кеше, мысалы, келесі екі шешімге келдік. Біріншісі – біз қолжетімділігі қиын жерлерде қосымша ауадан барьерлік өңдеуді жүргіземіз. Бізде жақындауға және жүзіп жетуі қиын бірнеше ерекше күрделі жерлер бар. Оларды ұшақтан өңдейміз» деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, бұл - әдеттегі авиаөңдеу емес, барьерлік өңдеудің осындай жаңа тәсілі. Барлық шығындар – бекітілген бюджет шеңберінде. Сонымен қатар, өзендегі шыбын-шіркейді өңдеу жалғасып жатыр.

«Екінші шешім сіздердің өтініштеріңізге байланысты. Мердігерлер келіп түскен хабарламалар мен пікірлерге нақты жауап беруге дайын. Нақты көшелерге, шағын аудандарға және қоғамдық орындарға шығатын болады. Сондықтан, жұмыстың жылдам және тиімдірек болуы үшін сіздерге өтінішіміз бар. Өтініш берген кезде, біріншіден, сіздің елді мекеніңізді, екіншіден, шыбын-шіркей аса көп жиналған нақты орындарды көрсетіңіздер. Оны тезірек жасау үшін +7 705 165 5480 WhatsApp нөміріне жазыңыздар. @gnus.tabigat_pv командасы сіздердің хабарламаларыңызды кез келген уақытта қабылдайды» деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.


Соңғы жаңалықтар