Уақап Сыздықов Лебяжі ауданының Тілектес ауылында дүниеге келген, сонда тоғызыншы сыныптан кейін балаларға өзі сабақ бере бастаған. 1942 жылдың қыркүйегінде, әскери курсты тәмамдағаннан кейін, кіші лейтенант Уақап Сыздықов Брянск майданына аттанады, онда 235-ші атқыштар дивизиясында взвод командирі болады. Екі рет жараланады, жауынгерлік ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.
Соғыстан кейін мектепте жұмыс істейді, сырттай оқиды, ұжымшардың партия ұйымына хатшы болып сайланады, төраға болады. Одан кейін тың игеруге белсенді атсалысады. Уақап Сыздықов әр жылдары Павлодар, Өспен, Лебяжі және Ертіс аудандарында аудандық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет етеді, екі рет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалады. Уақап Сыздықовтың ұйымдастырушылық дарыны Май ауданында барынша көрінеді. Оның басшылығымен ауданда арпаны өңдеудің жоғары өнімді агротехникасы қолға алынады, мал шаруашылығы табысты дамиды. Аудан орталығы бірнеше жылдың ішінде абаттандырылған кентке айналады. Ардагер жарты ғасыр бойы тынбай еңбек етіп, зейнетке шығады.
У.Сыздықовтың еңбегі Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі», Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және бірнеше медальмен атап өтілген.