Павлодарда соғыс ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнатылуда

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлердің суреттерімен 450-ден астам билборд орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыстың арамызда жүрген 55 ардагері туралы ролик төрт LED-экранда көрсетіледі.

Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнату 24 сәуірден басталды. Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, майдангерлердің портреттері 25 мамырға дейін тұрады.

«Қалалық бюджет есебінен құрылған және орнатылған 34 билбордта Совет Одағының Батырлары мен Даңқ орденінің сегіз кавалері бейнеленген. Қалған билбордтарды майдангерлердің туыстары өздерінің соғыста болған әкелерінің, аталарының, ағаларының портреттері бар билбордтарды өз есебінен жарнама агенттіктерімен тікелей жұмыс істей отырып орнатады. Павлодарда 300-ден астам билборд конструкциясы орналасады. Ардагерлердің суреттері бейнеленген және Жеңістің 75 жылдығына орай ілінген билбордтардың дизайны бүкіл ел үшін бірыңғай логотиппен қала әкімдігімен бекітілді», - деді басқармада. Павлодар облысында 55 соғыс ардагері қалды, оның 37-і Павлодарда тұрады. 5 мамырдан бастап олардың портреттері бар ролик Павлодардың төрт LED-экранында көрсетіледі.

Сонымен қатар, Жеңіс күніне орай көшелер тақырыптық билбордтармен безендірілген. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында мерекелік жалаулар ілінген. Бүгінгі таңда 500-ден астам жарнамалық құрылым орналастырылған.

Айта кетсек, биыл 9 мамырға орай өңірдегі барлық соғыс ардагерлері миллион теңгеден алды. Жалпы облыс бойынша 9 мамырға орай 459 билборд орнатылды. Оның ішінде: Павлодарда – 300, Екібастұзда – 30, Ақсуда – 12, Ақтоғайда – 9, Баянауылда – 19, Тереңкөлде – 8, Аққулыда – 14, Май ауданында – 13, Павлодар ауданында – 7, Шарбақты ауданында – 8, Успен ауданында – 10 және Железин ауданында – 10, Ертіс ауданында – 19. Павлодар облысында Жеңістің 75 жылдығына арналған 150-ден астам онлайн-шара өткізу жоспарлануда. Жеңіс күніне орай Баянауылда ҰОС қатысушылары – Бахыт Қайдаров, Василий Христенко, Иван Кудинки және Жылбек Ағаділовтің мүсіндері қойылады. Ақтоғайда Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновтің мүсіні ашылады. Салтанатты шара 2020 жылдың шілде айына жоспарланған.