Жүргізілген талдау барысында есептілікке іс жүзінде жұмыс істемеген және олармен еңбек шарттары жасалмаған сотталғандардың енгізілгені мәлім болған.
— Есептік деректерге сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде еңбекке қабілетті 855 сотталғанның 494-і жұмысқа орналастырылған деп көрсетілген. Сонымен қатар, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтерді тексеру нәтижесінде іс жүзінде 205 сотталғанның ғана жұмысқа орналасқаны расталды. Осылайша, 289 адам іс жүзінде жұмысқа орналастырылмаған, ал еңбекпен қамту көрсеткіші 2,5 есеге артық көрсетілген, — деп хабарлады өңірлік прокуратурадан.
Сотталғандарды жалған жұмысқа орналастыру «Еңбек-Павлодар» филиалының бұйрығымен ресімделген.
Сонымен қатар, прокуратура сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстың тиісінше ұйымдастырылмауы анықталған бұзушылықтарға себеп болғанын белгіледі.
Заң бұзушылықтарға кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында 53 жеке сот орындаушысы 535,6 млн теңге кірісін жасырған.