Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұстаздың студентке қол көтергені үшін жұмыстан шығарылғанын хабарлаған.
«29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен.
Ведомство бұл оқиғаға колледж басшысы да жауап беретінін мәлімдеді. Барлық іс материалдары сотқа жіберілді.