Акция барысында жиналған қаражатқа зардап шеккен азаматтарға қажетті заттар алуға жұмсалады, деп хабарлады Қызыл жарты ай қоғамының Павлодардағы бөлімшесінің басшысы Гүлнәр Исақанова.
Көмек қаржылай ақша аудару түрінде де, азық-түлік, жеке гигиена заттары, ЖЖМ түрінде де қабылданады.
«Қазіргі таңда барлық қазақстандықтар адамзаттың табиғи апаттың алдында қауқарсыз екендігіне куә болып отыр. Соның ішінде, Павлодар облысы да бар, - деді Исақанова. - Біздің Ақтөбе, Қарағанды және Ақмола облысындағы отандастырымыз зардап шекті. Қиын жағдайға тап болған халық біздің қолдауымызға зәру! Зардап шеккендердің қайғысына ортақтасып, Павлодар және Павлодар облысының тұрғындарын көмек көрсетуге шақырамыз».