Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі 4 күннен кейін табылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі төрт күннен кейін табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Іздеушілер жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, 12 жасар ұлдың денесі автомобиль көпірінің астынан табылған.
«Бүгін баланың денесін іздегенімізге төртінші күн. Көмектесуге келген адамдармен бірге автокөлік көпірінің астына қайықпен өтіп, таптық. Денесін жағаға шығарып, құтқарушыларды шақырдық», - деді ерікті.
Айта кетейік, 19 тамыз күні орталық жағалауда достарымен бірге шомылып жүрген 12 жасар бала суға батып кетті.
«VITA» іздеушілер жасағының мәлімдеуінше, достары қорыққаннан үлкендерге болған жәйт туралы бірден айтпаған.