Павлодарда тамыз айынан бастап ауызсу тарифі өзгереді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Бұған дейін облыс орталығының тұтынушылары уақытша төмендетілген тарифті қолданып келген болатын. Тариф тамыз айынан бастап 2025 жылы қолданылған деңгейге қайта оралады.

Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Жергілікті ауызсу мекемесі уәкілетті органның 2026 жылғы 1 шілдедегі № 54-ОД бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыздан бастап 2026–2030 жылдарға арналған тарату желілері арқылы ауызсу мен техникалық су беру, сондай-ақ сарқынды суларды бұру және тазарту жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтері енгізілетіні туралы хабарлады.

— 2026 жылғы 1 тамыздан бастап жеке тұлғалар үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифі 97,01 теңгені құрайтын болады. Яғни ол 2025 жылы қолданылған деңгейге қайта оралады. Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 31 шілдеге дейін тұрғындар үшін 86,89 теңге мөлшеріндегі уақытша төмендетілген тариф қолданылды, — деп мәлімдеді жергілікті ауызсу кәсіпорнынан.

Бұған дейін Павлодарда шілде айынан бастап электр қуатының тарифі өзгергенін жазғанбыз.