Прокуратура деректеріне сәйкес 2009, 2012 және 2015 жылдары әкімшілік сот салық заңнамасын бұзғаны үшін «Innova» ЖШС, «ҚазАлкоПром» ұлттық алкоголь компаниясы» ЖШС және «ЖелДорТехСнаб» ЖШС-да 463 590 литр акцизделетін спирттік өнімін мемлекет кірісіне тәркілеу туралы қаулы шығарған.
Спирт зауыты аумағының сақтау орнын тексеру кезінде өнімнің ішінара жоғалғаны анықталды, ол 226 960 литр спирт және су-спирттік өнімдер. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша түрлі ыдыстағы қалған спирттің күштілігі 59-86 пайыз болған, тәркілеу кезіндегі ілеспе құжаттарда ол 96 пайыз деп көрсетілген.
Осыған байланысты өнім мемлекеттік мүддеге, яғни медициналық-әлеуметтік мекемеде, қорғаныс өнеркәсібінде пайдалануға жарамыз болып қалды.
Сприттің күштілігінің төмендеу фактісі бойынша прокуратура ҚР ҚК 425-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.