Павлодарда тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған «Өзіңді әнге қосамын, туған жер » атты фестиваль өтті

None
ВЛОДАР. 16 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған «Өзіңді әнге қосамын, туған жер» атты фестивальға Павлодар қаласының және ауыл аймақтарының таңдаулы шығармашылық ұжымдары қатысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Гала-концертте кәсіби және жаңадан сахнаға шығып жүрген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті», дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Айнұр Сәрсенбаева. - «Вернисаж» және «Айсұлу» сән үйі өздерінің ең үздік киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. «Болеро» композициясымен музыкалық колледжінің гитаристер және шаң-қобыз ансамблі алғаш рет өнер көрсетті. Белгілі және жас ақындар туған еліне және қаласына деген өз сүйіспеншіліктерін өлең арқылы білдірді».

56 суретшінің халықтық-қолданбалы шығармашылық көрмесі ашылды. Оған қала және қала маңындағы ауылдардың қолөнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынды. Атап айтқанда, ағаштан және теріден жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы кілем мен сәндік бұйымдар, барлығы 250 жұмыс экспозицияға қойылды.