«Сегіз ауылда қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін көріністер қойылып, көрмелер ұйымдастырылды. Қалған 62 киіз үйдің әрқайсысында 500 адамға палау мен бауырсақ ұсынылды», - дейді Павлодар облысының Мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейірманов.
Сонымен қатар, көшеге ұлттық киіммен шыққан павлодарлықтар да назардан тыс қалмаған. Ең әдемі ұлттық киім киген 20-дан астам қонақ ынталандыру сыйлығына ие болса, «Жадо» сән үйі осы аталым бойынша күмістен жасалған алқа мен қамзолды бас жүлдеге ұсынды.
21:10, 30 Сәуір 2018
Павлодарда тайқазаннан бір тоннадан астам наурыз көже таратылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Әз Наурыз мерекесінің қорытынды күні орталық алаңда 70-тен астам киіз үй құрылып, бір тоннадан астам наурыз көже таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.