Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы туған бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Басқа жағдайда жеті жасар бала Вс.Иванов көшесіндегі үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлаған.
- Екі жағдайда да балалар ауруханаға жатқызылды. Екеуі де алған жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлады полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция ата-аналардан баланы тіпті қысқа мерзімге қараусыз қалдырмауды, терезелерді ашық қалдырмауды, терезе жанында жиһаз қоймауды сұрайды.
Себебі, оның көмегімен бала терезе алды тақтайына өз бетінше көтерілуі мүмкін.
Сондай-ақ балалар терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп құлыптар мен тиектерді тексерген дұрыс.