Төтенше жағдайлар департаментіне Гагарин көшесінде ағашта отырған ер адам туралы хабарлама келіп түскен.
Құтқарушыларды учаскелік полицей шақырған. Ол ер адам терезеден ағашқа секіргенін және 3-қабаттың деңгейінде отырғанын айтқан.
- Құтқарушылар баспалдақ арқылы ер адамды төмен түсіріп, полиция қызметкеріне тапсырған. Оқиға орнына бес адам жұмылдырылды, - деді ТЖ департаментінде.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 48 жастағы павлодарлық өңірлік психикалық-неврологиялық диспансердің есебінде тұр. Құқық қоғаушылардың айтуынша, ер адам 3-қабатта тұратынын растап, терезеден секіргісі келмегенін және ағашқа қалай тап болғанын білмейтінін айтқан.