Павлодарда тоғыз оқушы тамаққа уланып, ауруханаға түсті

None
АСТАНА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат - Павлодарда №10 мектеп-лицейдің тоғыз оқушысы «тамақтан улану» алдын-ала диагнозымен ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11-12 жастағы балалар облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.