Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
- Мал ұрлығына қатысы бар азаматтарды анықтап, ұстау және жауапкершілікке тарту мақсатында облыс аумағында «Мал ұрлаушы» республикалық іс-шарасы өткізілуде. Тек алғашқы тәулікте мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 111 автокөлік, ет сататын 64 орын және 144 шаруа қожалығы тексерілді. Тексеру нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін сегіз азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 13 мал иесі жазаланды,- деп мәлімдеді полиция департаментінен.
Қазір тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алуды күшейтіп, тексерулер жүргізіп қана қоймай, түсіндіру жұмыстарын да жүзеге асыруда. Күшейтілген рейдтер 31 наурызға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлау схемасын анықтады.