«Павлодар қаласының трамвай басқармасы»АҚ баспасөз хатшысы Тимофей Голевтің айтуынша, жол көлігі апаты бүгін таңертең 7.42-де болған. Кутузов көшесінің бойымен қозғалып келе жатқан трамвай жаяу жүргіншілер жолағы жанындағы «Аймауытов театры» аялдамасының алдында жол көлігі апатына ұшырады. Трамвайды 1987 жылғы қыз басқарған. Еңбек тәжірибесі - 5 жыл.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 және 2009 жылғы екі мектеп оқушысы трамвай астына түсіп қалған. 10 жастағы қыз ауыр жарақат алуы салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 8 жастағы екінші қыз облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді. Оны нейрохирург, травматолог, реаниматолог мамандар қарап жатыр.
«Жағдайы ауыр, қатты соққы алған. Таңертең сағат 8.10-да жекізілді», - деп хабарлады ведомство.