Қайғылы оқиға трамвай депосында 3 қазанда болған. Қаптаушы болып жұмыс жасайтын 56 жастағы ер адамды жүк тиегіш басып кеткен.
«1964 жылы туған ер адам жазатайым оқиғадан қайтыс болды. Істі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды», - деді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.
Оқиғаның мән-жайы тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады