«10 қыркүйек күні Павлодар қаласындағы Горький-Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында трамвай мен «Тойота-Авенсис» көлігі соқтығысты. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасының фактісімен «Тойота-Авенсис» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлімімен («Маневр жасау ережелерін бұзу») әкімшілік хаттама толтырылды.