«6 қазан күні, сағат 14.00 кезінде Павлодардағы Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында трамвайды жөндеу кезінде 46 жастағы жүргізуші вагондар арасында қысылып қалды», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді, деп толықтырды дереккөз.
Фото: pavon.kz