Павлодарда түнде болған өрттен алты автобус жанып кетті
10:22, 24 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында кеше кешке «Жолаушылар көлігі альянсы» ЖШС жеке тұрған жылу ошағынан өрт шықты.
Тілсіз жау 5 «Газель» шағын автобусын және бір «Hyundai» шағын автобусын отқа орады. Өрт екі сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен жеке құрамның 23 адамы жұмылдырылды. Өрт шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Салдарынан түрлі дәрежедегі күйік шалған 70 жастағы жұмысшы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.