Павлодарда тұрғын үйдің терезесінен құлаған әйел жан тапсырды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Қайғылы оқиға өткен түнде тіркелген. Полиция аталған жазатайым дерек бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Облыс орталығында жасы 30-дар шамасындағы әйел адам биіктен құлап көз жұмды.
— Шақыру 24 тамыз күні сағат 22:06–да түсті. Назарбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен әйел адам құлаған. Оқиға орнына шұғыл барған медицина қызметкерлері жасы шамамен 30-35-тегі белгісіз әйелдің ауыр жарақаттар алып, көз жұмғанын анықтады, — деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен.
Павлодар облысы полиция департаменті жазатайым оқиғадан қайтыс болған әйелдің жеке басын, оқиғаға не себеп болғанын анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, Павлодарда анасымен бірге биіктіктен құлаған балалардың бірі көз жұмды.