Павлодарда тұрғын үй қабырғасына аса үлкен бүркітші суреті салынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы облыс орталығындағы осынау ауқымды жобаны алғаш рет ұсынып отырғандығын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл ел» аэрографикалық жасағы бұл шығармашылық жұмысты шамамен екі күннің ішінде бітірген. Нәтижесінде павлодарлық аэрографиктер төрт қабаттық биіктікте тұрғын үйдің қабырғасында орналасқан аса үлкен композицияны ұсынып отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған  «Бүркітші» аэрографикалық суреті Тәуелсіздік даңғылы бойындағы нөмірі екінші тұрғын үйдің бүйір қабырғасына салынған.

«Бұл Конституция күніне орай туған қаламызға жасалған өзіндік сыйлық іспеттес өте жауапты жоба болды», -дейді «Жасыл ел» павлодарлық облыстық штабтың жобалық менеджері Роман Краснощеков.