«Кеше көпқабатты үйлерге жылу беріле бастады. Павлодар қаласында 85 үй жылуға қосылса, Екібастұзда 35 үй қосылды. Ал, Ақсу қаласында бүгін басталды»,- деді Ержан Иманзаипов.
Жоспар бойынша 1 қазанға дейін көпқабатты үйлер 100 пайыз жылуға қосылады. «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директорының орынбасары Сергей Панихинның айтуынша, қазіргі кезде Павлодар қаласында 65 үй жылу маусымына мүлде дайын емес. Олармен әкімдік пен ТҮКШ бөлімі жұмыс жасауда.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы 2422 көпқабатты үйдің 1710-ы, яғни 70 пайызы жылу маусымына дайын.