деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Түрік тарапынан кеңеске «KIBAR HOLDING A.S» компаниясының басшысы Әли Кибар, «OZKA LASTIK & KAUCUK» компаниясының басшысы Шериф Канык, «ALTAS» компаниясының басшысы Тахсин Тугрул, «GALAKSI group» тобының басшысы Фатих Узуноғлы және Коджели қаласының өнеркәсіптік палатасының төрағасы Айхан Зейтиноғлы қатысты.
Әкім Б.Сағынтаев пен түрік компанияларының өкілдері Павлодарда жоспарланып отырған бірлескен жобалар туралы баян етті, олардың қатарында алюминийден өнім жасау зауыты да бар.
Кеңеске Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешев, министрліктердің басшылары және «ENRC Management KZ» ЖШС-нің президенті Феликс Вулис қатысты.