Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі бұл сотталушылар арасындағы кезекті неке екенін, мұндай шаңырақ көтеру рәсімдері әлсін-әлсін болып тұратынын хабарлады.
Сотталушы Ж. өткен жылдың қараша айында, қалыңдығы жүктіліктің 5 айында некелесуге ұсыныс жасаған.
Бірақ салтанатты жағдайда некелесуге үлгермеген.
Жуықта сәбиі дүниеге келген соң жұп заң жүзінде отбасын құруды ұйғарған.
«Ер адам денсаулыққа зиян келтіргені үшін істі болып, 3 жылға сотталған. Жалпы сотталушылардың неке қиюы — түзеу мекемелерінде болып тұратын оқиға. Мұндай жағдай жазасын өтеп жатқан азаматтарға жағымды түрде әсер етеді. Олардың тәртібі дұрысталып, тезірек бостандыққа шығуға талаптанады», дейді департамент бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Арман Мұқанов.