АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Ворушина 6/1 көшесіндегі бес қабатты үйден өрт шығып, 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Павлодар облысы ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, өрт екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерден шыққан.
«Өрт туралы хабарлама кеше кешкісін сағат 20:03-те келіп түсті. Өртенген жерлердің аумағы 8 шаршы метрді құрады. Жоғары қабаттардан 10 адам құтқарылды, олардың үшеуі - балалар. Түтіннің қатты шығуына байланысты 40 адам эвакуацияланды», - деп хабарлады ТЖД.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 22 адам мен алты техника жұмылдырылды.
Фото Рavlodarnews.kz
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.