Павлодарда ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің республикалық форумы өтуде

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ республикалық форумы өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алқалы жиын жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтікмәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардыңкүш-жігерін белсенді етуге бағытталған. Бұл ел деңгейінде, сондай-ақ, өңірлік контекстті толығымензерделеу мақсатында үш жақты ынтымақтастық қарқынын көрсетуге мүмкіндік береді.Форум 4 бағытта: SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуыныңтиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT –ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» жәнеINCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтік қоғам уақыты» өткізілуде. Форум жұмысынабизнес-құрылым, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының,орталық және мемлекеттік органдар өкілдері қатысуда.

Екі күндік форумшеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы»тақырыбында пленарлық отырыс өткізіледі. Оның аясында үш жақты әріптестікті және оның тетіктеріндамыту, әлеуметтік инвестициялар бағыттарының парадигмасындағы бизнестіңқызметі, «кіші» отанды дамытуға әлеуметтік инвестициялар және т.б. мәселелердіталқылау жоспарлануда. Оған қоса, мастер-класстар, case-study семинарларын,workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалы конференциясынұйымдастыру және меморандумға қол қою жоспарланған. Сонымен қатар, алғаш рет«ASAR activity» жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, оның шеңберінде форумқатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатын болады.

Айта кетейік, алғашқы «ASAR» форумы 2017 жылыАтырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген, биылғы форумПавлодар қаласында өтуде.

Соңғы жаңалықтар