ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Ұлттық домбыра күніне орай Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі ерекше көрме ұйымдастырды. Онда қазақ музыка мәдениетінің тұлғалары кескінделген картиналар қойылды.
Фото: Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі
- Домбыра - тек ұлттық нышан ғана емес, халықтың үнін ғасырлардан жеткізген киелі аспап. Көрмеге кескіндеме өнерінің көрнекті өкілдері - Тоқболат Тоғысбаев, Гүлфайрус Ысмайылова, Үкі Әжиев, Молдахмет Кенбаев сынды суретшілердің туындылары қойылды. Олардың еңбектерінде Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Кенен Әзірбаев сияқты қазақ музыка мәдениетінің аңыз тұлғаларының бейнесі сомдалған,-дейді көркемсурет музейінің басшысы Ақертіс Солтанбаев.
Фото: Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі
Сондай-ақ көрмеде қазіргі заман суретшілері - Нұржан Сауытбеков, Джалал Агаев, Айнабек Оспанов, Сейсенхан Маханбетов, Рустам Худайберганов және өзге де қылқалам шеберлерінің туындылары ұсынылды. Олар өз еңбектерінде Баянауылдың табиғаты мен киелі орындарын, сондай-ақ қазақ болмысына терең философиялық көзқарасты көркем бейнелеген.
Фото: Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі
Еске сала кетейік, Домбыра күні ел көлемінде 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады.
Фото: Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейіФото: Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейіФото: Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейіФото: Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің түлегі. Еңбек жолын Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газетінде бастады. 2024 жылдың қаңтар айынан «Kazinform» халықаралық агенттігінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі.