Павлодарда ұлы анасын пышақпен жарақаттады

None
ПАВЛОДАР. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 8 наурызда оң жамбасынан үшкір затпен жарақат алған 52 жастағы әйел Павлодар ауруханасына жеткізілді, деп хабарланды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, таңғы сағат 06.00-де «Мирас» ЖШС-нің аумағында ол өз ұлымен бірге мерекені «атап өткен». Спирттік ішімдікке масайған екеуінің арасында келіспеушілік туындайды, соның барысында әйелдің 34 жастағы ұлы анасын пышақпен жарақаттайды. Ер адам бұған дейін істі болған.

Полицейлер күдіктіні ізі суымай қолға түсірді. Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.