Павлодарда Универсиада алауы құрметіне өткен гала-концертті 3000 көрермен тамашалады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Павлодардағы «Астана» мұз сарайында өткен концертке Rin'Go тобы мен лазерлі шоу әртістері келіп өнер көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мұз сарайында алауды ұстап жүгірген спортшыларды 3000-нан аса көрермен күтіп алды.  Сахнаға көтерілген Rin'Go тобының бір өкілі таяққа сүйеніп шықты, бірақ, сырқатына қарамастан өзге әншілермен бірдей ән шырқады. Бұдан кейін көрермендер лазерлі шоуды тамашалады.

«Бүгін біз әлемдегі ауқымды шаралардың бірін көріп қана қоймай, оның қатысушысы атанып отырмыз. Алауды ұстап өткен әр азамат еліміздің мақтауға лайықты тұлғасы деп білемін», - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

XXVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Аталмыш қысқы ойындар арасында медальдар спорттың 12 түрі бойынша сарапқа салынады.