ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингтеу барысында қаражатты негізсіз пайдалану фактісін анықтады.
Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерге құны 31,5 млн теңге тұратын бір дана әдеби кітап сатып алуды жоспарлаған.
Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.
Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады.
Мұрат Аяған
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің түлегі. Еңбек жолын Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газетінде бастады. 2024 жылдың қаңтар айынан «Kazinform» халықаралық агенттігінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі.