Павлодарда үш ауыл су басу қаупінен құтқарылды

None
ПАВЛОДАР. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданындағы су тасқыны жағдайы толық бақылауға алынды, деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД-ден.

Өткен аптада бірден үш ауыл төтенше жағдай қаупі алдында тұрды.

«Қыраттардан аққан су Құндыкөл, Теңдік және Қараащыдағы тұрғын үйлер мен шаруа қожалықтарды басып қалу қаупін тудырды. Оқиға орнына дабыл бойынша аудандық ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді, Павлодар мен Екібастұздан арнайы техникалар колоннасы шықты», - деп атап өтті ТЖД бөлімінің бастығы Серік Қошқарбаев.

Қазір Құндыкөлде жағдай тұрақты. Теңдікте су сегіз тұрғын үй мен бірнеше шаруа ғимаратына жақындағанда құтқарушылар 13 техника бірлігін жұмылдырып, айналдыра шағын дамбыларды салды және жиналып қалған еріген қар суын сорып шығарды. Қараащыдағы жағдай да тұрақталды.

Баянауыл ауданында қосымша қауіпсіздік шаралары қолға алынды, жағдай тұрақты бақылауға алынды.