Олар Муткенов көшесінде кәріз шұңқырын кеңейту жұмыстарын орындау барысында күкіртті сутекпен уланған деген болжам жасалды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодарға санитарлық авиация жеткізген 1987 жылғы жігіттің жағдайы ауыр. Ол қалалық аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды.
1990 жылғы жігіт Ақтоғай аудандық ауруханасында, оның жағдайы орташа ауыр деңгейде бағалануда. Тағы бір 29 жастағы зардап шеккен ер адам ес-түссіз жатыр. «Оны Павлодарға апару туралы келіссөздер жүріп жатыр», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.