Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 08:13-те Малайсары мен Мүткенов көшелерінің қиылысында «Лада Гранта» және «Ауди» автокөліктері соқтығысқан. «Лада» соққыдан қоқыс таситын «ЗИЛ» маркалы көлікке соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде», - деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
11:24, 09 Тамыз 2021
Павлодарда үш көлік соқтығысты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында 3 көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.