Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәліметінше, бала 9-қабаттағы терезеден құлаған.
«Баланың терезеден құлауына қатысты шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», - делінген хабарламада.
Сәби оқиға орнында мерт болды.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Павлодар облысында бір жасар бала шелектегі суға тұншығып өле жаздады. Санавиациямен ауруханаға жеткізілген қызды дәрігерлер құтқара алды.